COVID-19 таблеткаларын сынау басталды

0

Жапонияның «Сионоги» (Shionogi&Co) компаниясы өзінің COVID-19 таблеткасын сынақтан өткізуді бастады.

Сынақ мерзімі кем дегенде келесі жылға дейін жоспарланған. Оған дені сау 50-ден 100-ге дейінгі адам қатысады. Қауіпсіз бақылауға арналған сынақ кезеңі осы жылдың соңында басталады деп күтілуде.

Дәрілер күнделікті қабылдауға арналып дайындалған. Препарат аурудың симптомдарын бір аптадан аз уақытта жояды деп жоспарланып отыр. Препарат протеаза – ферменттің белсенділігін тежейді, оның көмегімен вирус адам ағзасында өзін көшіру арқылы көбейеді.

Бұған дейін австралиялық ғалымдар спрей түрінде COVID-19-қа қарсы вакцина жасайтындығын мәлімдеген болатын: олар қазірдің өзінде препараттың клиникалық сынақтарының бірінші кезеңін бастап кетті. Әңгіме SARS-CoV2 ДНҚ-ны қолдану арқылы жасалған препарат жайлы болып отыр. Вакцина инемен емес, реактивті шашыратқыштың көмегімен жасалады. Спрей теріге жоғары қысыммен еніп кетіп, иммундық жүйені қарсы жүйе түзуге ынталандырады.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.