САРЫСУЛЫҚТАР САЙЛАУДА ДА СЕРПІНДІ

0

Бүгін яғни 25 шілде күні алғаш рет Қазақстан бойынша ауыл әкімдерін тікелей сайлауы өтіп жатыр. Таңнан бастап халық өзінің белгілен учаскесіне келіп өз дауысын беруде. Халықтың көңіл-күйі жақсы.


Бұл жолғы сайлаудың басты артықшылығы – халықтың тікелей сайлау арқылы жұмыс атқаруға қабылеті толық жететін, өңірдің басты мәселелерін жетік білетін азаматтарды таңдау мүмкіндігіне ие болуы. Сонымен қатар, бұл сайлаудың әлемдік тәжірибеде бар және мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға оң ықпалын тигізетін ұтымды механизм екені дәлелденген.
Бүгін Сарысудағы Жаңаарық және Досбол ауылдық округтерінде ауыл әкімдерін сайлау басталды.
Аталған округте 1122 сайлаушы бар.

Таңғы 07.00-ден бастап 3 сайлау учаскесі өз жұмыстарын бастады.

Дауыс беру кешкі 20.00-ге дейін жалғасуда.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.