Ауыл азаматы болған соң дауыс беруім керек

0

Бүгін Жамбыл ауданындағы 5 ауылда округ әкімдерін сайлау өтуде.

Ерназарлықтар ауыл әкімін сайлауға көптеп жиылуда.

Қазірдің өзінде 317 азамат өз таңдауын жасаған. Арасында кәмелет жасқа толған ең жас сайлаушы Нұрлыайым Әділбек болып тіркелді.

— Мұндай саяси науқаннан шет қалмауымыз керек. Ауыл әкіміне лайықты деген азаматқа өз дауысымды бердім. Отбасыммен бірге келген етінмін. Осы ауылдың азаматы болғаннан кейін таңдау жасағанды жөн санадым,-дейді ол өз сөзінде

Жамбыл ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.