САЙЛАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

0

Бүгін, яғни шілденің 25-інде Елорда уақыты бойынша 20.00-да Қазақстан ауыл әкімдерінің сайлауы аяқталды.

Аудандық сайлау комиссиясы төрағасыны Тлепов Манарбек Әміреұлының мәліметі бойынша жергілікті уақыт 20.00-де сайлаушылардың 92,27 пайызы дауыс беріп үлгерген.

Сайлауда “Nur Otan” партиясынан 32 байқаушы, партия емес байқау орталығынан 32, республикалық «Байтақ болашақ» бірлестігінен 1 байқаушы аудандық “Құлан таңы” газетінен 1 байқаушы қатысты. Сайлау барысын қадағалап, сайлау ере­желерінің мұқият сақталуын бақылау үшін сайлау өз дәрежесінде, таза әрі әділ өтті деген қорытындыға келді.

Нәтижесінде ауданда 8 ауылдық округтің әкімі сайланып, енді жаңа істер өз кезегін күтіп тұр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.