Халық қалаулылары — ел ішінде

0

Өткен аптада Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері  Гүлдара Нұрымова мен Мейрамбек Төлепберген жұмыс сапарымен ауданымызда болды.

Мәжіліс  депутаты Гүлдара Алданышқызы алдымен Бурыл ауылдық округіндегі жаңадан салынып жатқан 300 орындық Бурыл орта мектебінің құрылысымен танысты. Жұмыс барысында мектептің барлық құрылыс базасын аралап көрген халық қалаулысы мердігер «Өмірзақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысымен жүздесіп, бүгінгі күнге жұмыстың жоғарғы деңгейде жүріп жатқандығына көз жеткізді.
Аталған білім беру мекемесінің құрылыс жұмыстары  2020 жылдың 20 наурызында басталып, 2021 жылдың тамыз айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қазіргі таңда 65 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Мәжілісмен содан соң Сарыкемер ауылындағы аудандық орталық емханасында болды. Ескі ғимараттың 1990 жылы соғылғандығын және стандартқа сай еместігінен хабардар болып, талапқа сай жаңа ғимарат салу бойынша құжаттардың дайындалып, ұсыныс беріліп қойғандығы және оның министрлік тарапынан қаржылай қолдау табуына ұсыныс енгізді. Осыдан кейін емхана қызметкерлерімен кездесіп, саладағы бірқатар өзекті мәселелерді тыңдап, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында  қоғамдық қабылдау өткізіп, Сарыкемер ауылы тұрғындарының жеке мәселелерін тыңдады.
Түскен кейін Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрамбек Төлепберген ауданымызға арнайы атбасын тіреді. «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы ғимаратында орналасқан «Сервистік әкімдік» жұмысымен танысып, «Адалдық алаңы» залында әлеуметтік сала өкілдерінің қызметкерлерімен кездесті, сұрақтарына жауап берді. Аудандық Қоғамдық кеңес мүшелерімен жүздесіп, ұсыныстарын тыңдады, сауалдарына жан-жақты жауап берді.
Әрмен қарай Мейрамбек Мылтықбайұлы Сарыкемер ауылындағы тартылып жатқан ауыз су құбырлары жүйесінің құрылыс жұмыстарының жай-күйімен,  Бурыл ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Мәжіліс депутаттарына аудан әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил өңірде атқарылып жатқан жұмыстардан қысқаша ақпарат беріп өтті.

Дәулет Пірімқұлов,
“Байзақ адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің жетекшісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.