«Миы шайқалып, электрошок алған»: Павлодардағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты

0

Павлодарда кәсіпорындардың бірінде жұмысшыны тоқ соқты. Ер адамды күйік шалған және жарақат алған

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жазатайым оқиға қалалық ЖШС-нің бірінде орын алған. 32 жастағы дәнекерлеуші кәсіпорын аумағында дәнекерлеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде зардап шеккен. Ер адам ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасында жұмысшы жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

“Жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының шайқалуы және электрошок диагнозы қойылды. Жағдайы тұрақты. ПТР-тест нәтижесінен кейін бейінді бөлімшеге ауыстырады”, – деді басқармада.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.