Семинар сабақ өтті

0

Аудандық сотта судья Ертай Аккулиев семинар сабағын өткізді. Оған судья Айкерім Телесбаева, кеңсе меңгерушісі Ерболат Жақсыбаев пен мемлекеттік сот қызметшілері қатысты.
Судья Ертай Мақашұлы баяндамасын сыбайлас жемқорлықтыққа,  құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөніндегі ақпараттан бастады. Ол Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты қызметінің басты бағыты — сот жүйесіндегі  сыбайлас жемқорлықтықтың  алдын алу болып табылатындығын атап өтті.
Сонымен қатар баяндамашы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын егжей-тегжейлі түсіндірді.
Судья сот мамандарының назарын  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен көзделген құқықтар мен міндеттерді мүлтіксіз орындауға аударды. Сондай-ақ сот аумағында және ғимараттарында өткізу және объектішілік режімінің қағидаларымен белгіленген талаптарды қатаң сақтау қажеттігіне екпін салды.
Семинар соңында судья Ертай Аккулиев соттың мемлекеттік қызметшілерінің процессуалды емес байланысқа түспеулеріне, сондай-ақ процеске қатысушылардың арасында мүдде жанжалына, арандатушылыққа  жол бермеуге шақырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.