Аналар алқа тағынды

0

Елорда күні қарсаңында көпбалалы аналар «Алтын» және «Күміс» алқалармен марапатталды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов  «Алтын» және «Күміс» алқа төсбелгісімен марапатталған көпбалалы аналар қатары жыл сайын артып келе жатқандығын атап өтті. Еліміздің демографиялық дамуына елеулі үлес қосып отырған алтын құрсақты аналарға деген құрмет толастамайтындығын айтып, марапат иелеріне мықты денсаулық пен отбасыларына амандық тіледі.
Дәуір Рысбайұлы санитарлық талаптарды сақтай отырып, жеті және одан да көп бала туып, тәрбиелеген Ельмира Битляева, Жазира Джолдасбаева, Басбибі Досмухаметқызы, Айсұлу Жолтаева, Алтынай Карачаева, Баян Менликулованың  кеудесіне  «Алтын алқа» белгілерін  тағып, кітапшаларды салтанатты түрде табыс етті.
-Ана атанып, ұрпақ тәрбиелеу-міндетіміз болса да, мемлекет тарапынан “Алтын алқа” тағынып, құрметке бөленіп отырғанымызға ризамыз. Перзенттеріміздің  әрқайсысы ел өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенімдіміз, – деді алтын құрсақты аналар.
Қабылдау соңында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлері ескерткіш суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.