Төраға сайланып, кандидаттар ұсынылды

0

Кеше, әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXХІI конференциясы болып өтті. Онда күн тәртібінде екі мәселе қаралды.
Аталмыш жиынға аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен, аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихаттың хатшысы және «Nur Otan» партиясының аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының мүшелері, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, бірқатар бөлім, мекемелер мен ауыл, ауылдық округ әкімдері, жергілікті кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының басшылары, этномәдени орталықтардың жетекшілері, партия аудандық филиалы «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  шақырылды.
Конференция алдында делегаттар өкілдерінің арнайы кеңесі өткізіліп, онда конференция жұмысшы органдарының жеке құрамы талқыланған болатын. Онда жұмысшы органдарының жеке құрамы қаралып, ортақ келісім жасалды. Кезектен тыс конференция жұмысы мемлекеттік Гимнмен ашылған соң, оны жүргізу төралқа мүшелеріне жүктеліп, жұмысшы органдар сайланды. Конференция жұмысын аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Шолпан Байтақова ашып, күн тәртібіндегі мәселелерді таныстырды.

Мандаттық комиссияның конференция делегаттарының өкілеттіктері туралы хабарламасы тыңдалып, күн тәртібіндегі екінші мәселе, яғни, «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасын сайлауды бірінші қарау бойынша ұсыныс берілді. Осыған байланысты облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Мәди Мәтен «Nur Otan» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағалығына аудан әкімі Бақыт Алпысбайұлы Қазанбасовтың кандидатурасын ұсынды. Конференция делегаттары кандидатураны қолдап, ашық түрде бірауыздан дауыс берді. Бақыт Алпысбайұлы өзіне білдірілген сенімге ризашылығын жеткізді. Мәди Мейірбекұлы партияның сайлауалды бағдарламасына қатысты бірқатар мәселелерге назар аударды.
Сонымен қатар, конференцияда күн тәртібіне сәйкес, «Nur Otan» партиясы қоғамдық бірлестігінен Байзақ ауданы, Сарыкемер, Ынтымақ ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидат ұсыну туралы мәселе шығарылды. Аталмыш мәселеге орай, Сарыкемер ауылдық округі бойынша партия мүшесі, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Тлеуқұлова Сәуле Сейдімханқызы және Ынтымақ ауылдық округі бойынша партия мүшесі, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі Ноғаев Мейірбек Олжабайұлының кандидатурасы енгізілді. Нәтижесінде, делегаттардың ашық дауысқа салуы арқылы кандидаттар аудандық партия филиалы атынан сайлауға ұсынылды. Конференция соңында күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты тиісті Қаулылар қабылданып, кезектен тыс конференция жұмысы партия Әнұранымен қорытындыланды.

Мұхтар МАНЕКЕЕВ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.