Мал азығына басымдық берілуде

0

Биыл қант қызылшасы, көкөніс пен бақша дақылдарынан бөлек, мал азығын дайындауға басымдық беріліп отыр. Атап айтқанда, бидай – 8 730, арпа  – 12 730, дәндік жүгері – 2 001, дәнді бұршақ – 50, майлы дақылдар 1 157 гектар алқапқа себілген-ді. Ал қант қызылшасы – 1 500, картоп – 700, көкөніс – 5 498, бақша – 1 760 гектар алқапқа орналастырылды. Бұдан бөлек, таңқурай мен құлпынай 35 гектарға егіліп, алғашқы өнімі жиналып, сатылымға шығарылды. Ал мал азығы 25 390 гектар жоңышқа алқабынан дайындалмақ. Оның 5 589 гектары биыл себілген жоңышқа болса, 250 гектарға сүрлем жасайтын жүгері орналастырылған. Ал қазіргі таңда 19 551 гектардың жоңышқасы жиналды.
Биыл 49 мың бас мүйізді ірі қара, 31 мың қой-ешкі, 16 мың жылқы, 1 000 бас түйе қыстатылады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, ауданда 1 595 бас жалпақтанау мен 12 мың құс өсірілуде. Оларды мал азығымен қамтамасыз ету үшін 174 мың тонна пішен, 10 мың тонна пішендеме, 48,4 мың тонна сабан және 9 мың тонна сүрлем дайындау межеленіп отыр.
Ауа райының қолайсыздығы, ағын су тапшылығына қарамастан, биыл аудан бойынша 30195 гектар алқапқа орақ түсті. Оның 5 055 гектар алқабын табиғи шабындықтар құраса, 25140 гектары көпжылдық шөп.
Қазіргі таңда аудан бойынша 18 718 гектар көпжылдық шөп орылып, 66 670 тонна пішен дайындалды. Орылған алқаптардан орташа есеппен гектарынан 180-200 тайланған жоңышқа жиналуда. Алқап басынан бір баудың бағасы 1000  теңгеден өткерілуде. Ал базардағы бағасы 1 100-1 300 теңге аралығында. Табиғи шөптің бағасы 600-700 теңгені құрап отыр.

Нұрсұлтан Ақжолов,
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы

Leave A Reply

Your email address will not be published.