ЕЛ ЕРТЕҢІ — ЕКПЕДЕ

0

Дүниені дүрбелеңге салған пандемия әлемді «коронавируспен күрес» деген бір мақсатқа біріктірді. Адамзаттарихында бұрын-соңды ауа арқылы тез жұғатын мұндай вирус болмаған. Күресе жүріп ауруды басты зерттеу нысанына айналдырған елдер індетті тоқтатын тиімді жол – екпе деп қорытындылап отыр.Вакцина – аурудың алдын алу үшін қолданылатын биопрепарат.

Бүгінгі таңда вакцинация өткізу үшін Т.Рысқұлов ауданы бойынша 6 екпе жасау бригадалары жасақталған. Жылжымалы екпе бригадаларының күшімен Тереңөзек, Ақыртөбе, Қонаев, Құмарық, Қорағаты, Қызылшаруа, Луговой, Қаарақыстақ, Әскери қалашық және басқа да   елді мекендерінде салынды.

2021 жылдың ақпан айынан бастап  19  шілде  арасында ауданға барлығы 17050 доза вакцина алынып, оның 19 шілдеге дейін 16300 дозасы салынды.

Жалпы вакцина салғандар арасында білім қызметкерлері- 2167 (мақсатты топтың 53,4 пайызы), оның 1208-і педагогтар, мемлекеттік қызметшілер-987 , медицина қызметкерлері-816 (100 пайыз), учаскелік полиция қызметкерлері-22, төтенше  жағдайлар, әскери және ішкі істер басқармасы қызметкерлері-1489, студенттер- 690, 723 созылмалы аурулары бар адамдар, 10 әлеуметтік мекеме қызметкерлері және 9396 басқа да сала қызметкерлері мен аудан тұрғындары екпе қабылдаған.

Ауданда 21.06-19.07.2021 жыл аралығындағы қысқа мерзімге жоспар 5290 болған, нақты орындалғаны 6989. Яғни жоспар 132,1 пайызға орындалып отыр.

Елдегі қауіпті індеттің көзін жою үшін карантин талаптары күшейтіліп, түрлі сақтық шаралары жасалуда.Өңірдегі ахуал күрделеніп келеді. Сәт сайын індет жұқтырғандардың саны артып, көрсеткіш еселенуде. Алайда ақ халаттыларлардың дабыл қағуы орынды болып індеттің бетін қайтарар бірден-бір тиімді жолы жұртшылықты вакцинациялау екені белгілі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.