Әлеуметтік көмек тыйылмайды

0

2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңы  қолданысқа енгізілді.
Атаулы әлеуметтік көмек дегеніміз — бұл отбасына кірген табысты жанбасына шаққанда кедейшілік шегінен төмен отбасыларға көрсетілетін ақшалай көмектің түрі. Атаулы әлеуметтік көмек  шартты және шартсыз болып екі түрге бөлінеді.
ШАРТСЫЗ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК – құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар бала күтімінде отырған  жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасы мүшелеріне  көмек алу үшін жұмыспен қамту шараларына  қатысу талап етілмейді. Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға (3 ай) тағайындалады және ай сайын төленеді.
ШАРТТЫ АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК  КӨМЕК — жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен берілетін көмек түрі. Әлеуметтік келісім-шарт жасасу шартты ақшалай көмек тағайындау үшін міндетті шарт болып табылады. Әлеуметтік келісім-шарт үш айға жасалады.  Шартты ақшалай көмек әлеуметтік келісім-шарттың әрекет ету мерзіміне тағайындалады (3 ай). Шартты ақшалай көмек ай сайын немесе өтініш берушінің арызы бойынша бір жолата үш ай үшін төленеді. Шартты ақшалай көмекті тағайындау үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу:
1. Бірінші  және екінші топтағы мүгедектерге;
2. Күндізгі оқу нысанында оқытын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттар мен магистранттарға;
3. Екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруы бар адамдарға;
4. Үш жасқа дейінгі балаларға, мүгедек баланы, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді, бөгде адамның күтіміне және көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қарттарды бағып-күтуді жүзеге асыратын адамдарға;
5. Тұрақты жұмысы бар адамдарға міндетті шарт болып табылмайды.
2021 жылдың қаңтар айынан бастап осы күнге дейін Сарыкемер ауылдық округі бойынша отбасындағы 2 972 адамға атаулы әлеуметтік көмектің шарттары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оның ішіндегі 241 отбасындағы 1 370 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 17 отбасындағы 70 адамға шартсыз ақшалай көмек, 196 отбасындағы 1 156 адамға шартты ақшалай көмек  тағайындалды.
Оның ішінде:
— Ақылы қоғамдық жұмыс – 69 адам;
— Жұмыспен қамту орталығы арқылы тұрақты жұмыс орнына орналасқандар – 23 адам;
— Әлеуметтік жұмыс орнына – 16 адам;
—  Мемлекеттік қайтарымсыз грант  алушылар – 82 адам. Яғни  барлығы 190 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.
Аз қамтылған азаматтарға тек қана атаулы әлеуметтік көмек көрсетумен шектелмей, 1-6 жасқа дейінгі балаларға кепілдендірілген әлеуметтік топтама және осы көмекті алушы отбасындағы мектеп жасындағы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.
Гаухар Раймқұлова.

Айнұр Избасова,
аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы Сарыкемер ауылдық округінің мамандары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.