Жүректен жүрекке жеткен жылу

0

Қайырымдылық – көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты жәрдем. Адамзаттың асыл қасиеттерінің бірі және ізгіліктің анық көрінісі болып есептелетін қайырымдылық жасау-әркімнің өз қалауы, бұл міндет емес.Өйткені қамқорлық жасау қайырымды қоғамның қағидасы.
Әлеуметтік аз қамтылған топтарға жәрдемдесіп отыруды, олардың әл-ауқатын жақсартуды бүгінгі қоғам өз алдына міндет етіп қойып отыр.Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.
Жақында Көптерек ауылы аумағында 100 гектар жерге құс фабрикасын салуды жоспарлаған «Алель Агро» АҚ ЖФ демеушілігімен, мекеме қызметкерлері, Көптерек ауылы әкімшілігі және аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері қайырымдылық шарасын өткізді. Атап айтқанда, аз қамтылған 44 отбасыға (269 адамға) қажетті киім-кешек (балалар мен ересектерге арналған сырт киім, аяқ киім, т.б.) және аксессуар түрінде жалпы 1 309 жиынтық таратылды.
Осындай көмекке ие болған отбасылар ұйымдастырушыларға, демеуші болған жаны жомарт азаматтарға алғыстарын білдірді.
— Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа,- дейді жомарт жандар.
«Кең болсаң, кем болмайсың» дейді атам қазақ. Жүректен жүрекке жеткен жылу көптеген отбасыларды қуанышқа бөлеп, бүлдіршіндердің жүзіне қуаныш ұялатты, өзгелерге өнеге көрсетті.

Самат Күсемісов,
Көптерек ауылы әкімі аппаратының іс жүргізуші бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.