«Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – ел әл-ауқатының кепілі»

0

«Ұлтаралық және конфессияаралық келісім – ел әл-ауқатының кепілі» тақырыбында Бурыл ауылдық округіндегі «Дәуіт ата»  мешітінде ауыл жамағатымен кездесу өтті.
Кездесуде Жамбыл облысы әкімдігі Дін проблемаларын зерттеу орталығының теолог инспекторы А. Сәрсенбаев  Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары»  деп жазылғандығына тоқтала келе, этносаралық толеранттылық, зайырлылық сөздерінің мән-мағынасына түсінік берді.
Сондай-ақ баяндамашы еліміздегі барлық этностар өздерінің ұлттық тілі мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, мәдениетін дамытуға барынша жағдай жасалғандығын, ҚР «Діни қызмет діни бірлестіктер туралы» заңы, халықтардың мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу, ауызбіршілік,  жат ағымдардың алдын алу, қоғамда берік орнатылған конфессияаралық диалог пен өзара түсіністік  экстремизм мен терроризммен күресуге үлкен мүмкіндік беретіндігі турасында ақпарат берді.
Шара соңында оған қатысушылар кезекпен сөз алып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салды. Ауыл тұрғыны Дәуренбек Есенбаев жастардың діни сауаттылығын арттыру жөніндегі пікірін ортаға салды. Бурыл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Сады Қуатбеков елімізде, соның ішінде, округте атқарылып жатқан игілікті істер – жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқандығын айтты.Ауыл тұрғындары Шабанали Сарымамедов пен  Яшар Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін көтеру қажеттігін  қозғады. Аудандық «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Рамиз Азизов ел ішіндегі бірлік пен ынтымақты сақтау, өскелең ұрпақтың бойында отаншылдық сезім мен ұлтаралық келісім, төзімділік тәрізді қасиеттерді қалыптастырудағы  аға буынның алатын орны үлкен екендігін айтты. Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова қатысушылар тарапынан айтылған маңызды сұрақтарға баса назар аударып, бұл бағытта алдағы уақытта жұмыстар жүргізілетіндігін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.