Төрт айда 52 жоба қаржыландырылды

0

Ауданда бүгінге дейін негізгі капиталға салынған инвестиция 38 миллиард 992,9 миллион теңгені құрады.
2019 жылдан бері ауданда капиталға салынған инвестиция көлемі біршама артқан. Мәселен, 2019 жылдың қорытындысы бойынша оның көлемі 14 миллиард 954,1 миллион теңгені құраса, 2018 жылмен салыстырғанда -105,1 пайызға жоғарылаған еді.
Атап айтсақ, ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарына 8 миллиард 734 миллион теңге, машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және оларды күрделі жөндеуге 5 миллиард 643 миллион, өзге де күрделі жұмыстар мен шығындарға 576 миллион теңге инвестиция тартылған.
“Қазақстан  Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған” бағдарламасы шеңберінде Мырзатай ауылдық округіндегі “Әулие-Ата Феникс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылып, серіктестік жалпы құны-148 млн. теңге “Сою цехының қалдықтарын тереңдетіп ет-сүйек ұнын өңдейтін құрылғы мен дайын өнімді қаптау машинасын сатып алып орнату” инновациялық жобасын іске асыруды бастаған болатын. Жоба аясында 5 жұмыс орны ашылып, 2019 жылы 31,5 миллион теңгені құрайтын 350 тонна ет-сүйек ұнын өндірді.
Бұдан бөлек, Жаңатұрмыс ауылдық округінде “Л. Жабатаева” жеке кәсіпкерлігі жалпы құны-435 миллион теңгеге “Көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысы” инновациялық жобасын іске асыруда. Сондай-ақ “GRAND FOODS PREMIUM“ ЖШС  жобалық құны-500 миллион теңгені құрайтын “Жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу цехының құрылысы мен өндірістік жабдықтарын сатып алу” бизнес-жобасын жасады.
“Бизнестің жол картасы -2020” бағдарламасы аясында да бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, кепілдеме тетігі бойынша жалпы құны 71 миллион теңгені құрайтын 4 жобаны “Бегей” мен “Сламов Е. Е” жеке кәсіпкерліктері мен “Нұрлы жай” шаруа қожалығы жүзеге асырған. Несиенің пайыздық ставкасын субсидиялау тетігі бойынша 151,5 миллион теңгені құрайтын 9 жобаны 8 кәсіпкер іске асыруда. Бұдан бөлек, инженерлік-инфрақұрылымды дамыту тетігі бойынша жобалық құны 16,168 миллион теңгені құрайтын 2 жоба дайындалып, аймақтық үйлестіру кеңесінде қаралып, мақұлданды.
Ал 2020 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция 20043,2 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 2019 жылмен салыстырғанда 135,8 пайызға жоғарылаған. Атап айтсақ, ғимараттар мен имараттарды салу және күрделі жөндеу жұмыстарына 13 миллиард, машиналар, жадбдықтар, көлік құралдары және оларды күрделі жөндеуге 6 миллиард, өзге де күрделі  жұмыстар мен шығындарға 230 миллион теңге инвестиция тартылды. Аудан бойынша 1814 адамға 1 миллиард 459 миллион теңге шағын несие берілген.  Сондай-ақ, “Бизнестің жол картасы -2025” бағдарламасы бойынша айтатын болсақ, пайыздық ставкасын субсидиялау тетігі бойынша 223,8 миллион теңгені құрайтын 5 жоба, кепілдеме тетігі бойынша 35 миллион теңге болатын 2 жоба мақұлданып, іске асырылған.
Биыл қаңтар — сәуір айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 миллиард 995,6 миллион теңгені құрап, нақты көлем индексі 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда — 100,7 пайыз болды. Мамыр айының қорытындысымен -5 миллиард 684,9 миллион теңге болады деп  күтілуде.
Аудан бойынша көлем 54 миллиардтан астам теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны 2021-2025 жылдар аралығында іске асыру жоспарланған. Оның ішінде, құны 52 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жоба “Қазақстан Республикасының 2020-2025 жылдарға арналған индустиалды-инновациялық даму” бағдарламасы аясында облыстың Индустриаландыру картасына енгізілген. Іске асыру мерзімі -2020-2025 жылдар аралығы. Осы жобалар аясында 1107 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жобаларды ЖК “Л.Жабатаева”, “GRAND FOODS PREMIUM“ ЖШС, “Алель Агро” АҚ. “КАРАГАНДА  АГРОИНВЕСТ- Т”, “DairyFreshFarm“ және “Көкжиек” ЖШС іске асырмақ.
Қазіргі таңда жеке кәсіпкер “Л. Жабатаева” көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысын өз қаражаты есебінен салуда. “GRAND FOODS PREMIUM“ (Бурыл ауылдық округі), жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса жеміс пен көкөністі өңдеу және консервілеу цехының құрылысы мен өндірістік жабдықтарын сатып алуда. “Алель Агро” АҚ  Жамбыл облыстық филиалына Темірбек және Көптерек ауылдық округтерінен әрқайсысы 75 гектар болатын 150 гектар жер телімі бөлініп берілді. Бұл акционерлік қоғам екінші жартыжылдықта “Құрама жем кешенді зауытын” іске қоспақ. Бүгінгі таңда құрал-жабдықтары орнатылуда.
Сондай-ақ “КАРАГАНДА  АГРОИНВЕСТ- Т” ЖШС-де (Ботамойнақ ауылдық округі) “Агроөнеркәсіптік кешен” құрылысын 2022 жылы іске қосу жоспарланған. Ал “DairyFreshFarm“ (Көптерек ауылдық округі) мен “Көкжиек” ЖШС (Көптерек ауылдық округі) 600 басқа арналған сүтті тауарлы фермаларының құрылысын 2022 жылы аяқтағалы отыр.
Ауданда “Бизнестің жол картасы-2025” бағдарламасы аясында 2021 жылдың 4 айында құны 831,3 миллион теңгені құрайтын 52 жоба қаржыландырылды. Бұдан бөлек, инфрақұрылымды дамыту тетігі бойынша “Қаз Экофрукт” ЖШС мен “СПК Вита-фрут-Тараз” ЖШС алма бақтарына инфрақұрылымды жеткізу бойынша құжаттары қарастырылуда.
Сонымен қатар, “Қарапайым заттар экономикасы” бағдарламасы бойынша 2019-2021 жылдар аралығында барлығы 30 жоба қаржыландырылды. Аудан бойынша биыл есепті кезеңде 408 азамат 448,3 миллион теңге шағын несие алып, жұмыс істеуде.

Еркін НАХИМОВ,
аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.