ТОҒЫЗКЕНТТЕ АСАРЛАТҚАН ҮЙ БЕРІЛДІ

0

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында және облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен аудандарда “Асарлатып үй салу” жобасы 2020 жылдан бастап қолға алынған жоба, биылда өз жалғасын табуда.

Сарысуда 2021 жылға аталған жоба аясында Жаңатас қаласы және 8 елді-мекендерде ақсақалдар, кәсіпкерлер мен ерікті жастардың қолдауымен көмекке мұқтаж, жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларға үйдің кілттері табыс етілуде.

Соның бірі, бүгін қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында Тоғызкент ауылында тұрғын үйдің кілтін Оспанов Жақсыбекке тапсырылды.


Сақтық шаралары ұстала отырып өткен, салтанатты шарада аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, игі істі абыроймен атқарып, ат салысқан барлық жергілікті азаматтарға алғыс білдірді.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.