Бір сағаттан кейін Джефф Безос ғарышқа ұшады

0

20 шілдеде Amazon корпорациясының басшысы Джефф Безос иелік ететін Blue Origin ғарыш компаниясы алғашқы миссиясын орындайды, — деп хабарлайды rozetked.me.

New Shepard кемесінде Безостың өзі, оның ағасы Марк, сондай-ақ 82 жастағы Уолли Франк және 18 жастағы Оливер Дэмен болады. New Shepard Карман сызығын кесіп өтеді деп күтіледі. Ол — теңіз деңгейінен 100 шақырым биіктік, көп елде ғарыш аймағының шекарасы деп анықталған.

Бұл миссия екі фактормен ерекшеленеді: Дэмен ғарышқа ұшқан ең жас адам, ал Франк ең қарт адам болады.

Капсула зымыран ұшқаннан кейін үш минут өткен соң кемеден бөлініп шығады. Экипаждың жерді тамшалауға шамамен үш минут уақыты болады, кейін төмендеу басталады. Бүкіл миссия шамамен 11 минутқа созылады.

Ұшу Солтүстік Америка уақыты бойынша 8:00-ге, яғни Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-ге тағайындалған. Хабар бір жарым сағат бұрын, сағат 17:30-да басталады. Онда кеме мен астронавттардың ұшу алдындағы дайындығы көрсетіледі. YouTube-тегі Blue Origin ресми арнасында оқиғаны тікелей эфирде көруге болады.

РБК телеарнасы бейнехостингте орыс тілді трансляция өткізеді.

 

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.