Димаш Құдайберген Беларусь халқының алдында анасын туған күнімен құттықтады

0

Витебскте өтіп жатқан «Славян базары-2021» байқауының ашылу салтанатында Димаш Құдайберген анасы Светлана Айтбаеваны туған күнімен құттықтады

Димаш көптеген елдерде жеке концертін беріп жүрсе де, бұл сахнада тұрғанда ерекше сезімге бөленетінін жеткізді.

«Естеріңізде болса, осыдан тура 6 жыл бұрын осы жерден үлкен шығармашылық өмірге жолдама алдым. Cол үшін рұқсат берсеңіздер, бір минут уақыттарыңызды алайын. Келесі әнімді орындамас бұрын, мүмкіндікті пайдала отырып, араларыңызда ата-анамның отырғанын айтқым келеді. Бүгін — менің анамның туған күні!

Светлана Ермекқызы, орныңыздан тұрыңызшы! Қандай сұлу екеніңізді бәрі көрсінші. Барлық гүлдер, әлемнің бар тамашасы сізге арналады», — деді Димаш.

Сондай-ақ, Құдайбергенов анасының осыдан алты жыл бұрын дәл осы елде айтқан сөзін қайталауды өтініп, халықпен бірге өзі де ностальгияға бөленді.

«Сіздердің баршаңызға қазақ елінің атынан мың мәрте алғыс айтқым келеді», — деді Светлана Айтбаева.

Өз кезегінде Беларусь жұрты Димашты қолдап, анасына барынша қошемет көрсетті.

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.