Криминалдық авторитет Арман Жұмағалиев ұсталды

0

Жедел іздестіру және рейд шаралары кезінде көңіл көтеру мекемелерінің бірінде алты адам ұсталған. Нұр-Сұлтан полициясы желіде тараған «Дикий Арманды ұстау» видеосына қатысты түсініктеме берді.

Инстаграмдағы «Типичная Астана» паблигінде елордадағы көңіл көтеру мекемесінде бір топ адамның ұсталғаны түсірілген видео тарады.

Автор Нұр-Сұлтан полициясы жедел іздестіру шаралары барысында қылмыс әлемінің серкелері «Дикий Арман», Алиба «Семский» және олардың достарын ұстағанын жазды.

«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиев елордаға қонаққа келді. Оны Алиба қарсы алды. Астанадағы қымбат мейрамханадағы отырысты «спецназ» бұзды. Олардың барлығы профилактикалық шара үшін полиция бөліміне жеткізілді», — деп жазылған видео астында.

«Жедел іздестіру және рейд шараларын өткізу барысында көңіл көтеру мекемелерінің бірінде алты адам ұсталды. Барлығымен профилактикалық әңгіме жүргізілді», — деді ПД баспасөз қызметі.
Полиция көңіл көтеру мекемелерінде қылмыстың алдын алу үшін жедел алдын алу және рейдтік шараларды үнемі жүргізіп тұрады, деді департаменттегілер.

alashainasy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.