Тоқаев карантин талабын бұзғандардың жазасын қатаңдатуды талап етті

0
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин талабын бұзғандардың жазасын қатаңдатуды тапсырды

Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жөніндегі кеңесте Президент Ashyq жобасының пандемия жағдайында жұмыс істеуге мүмкіндік бергенін атап өтті. Оның сөзінше, бағдарлама өзін ақтады.

«Сонымен қатар, соңғы уақытта вирус жұқтырғандар мен байланыста болғандар, яғни қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдар саны өсіп жатыр. Алайда бағдарлама оларды тіркегеннен кейін, жауапсыз адамдар басқа демалыс орнын іздей бастайды.

Шамасы, мұндай жауапсыз адамдар айыппұлдардан қорықпайды, немесе оларды ешкім жазбайды. Жүйеде ЖСН мен иммундық статусты бекіту бар ғой. Мұндай жауапсыздық жазалануы керек. Карантин шектеулерін сақтамағандарға талаптарды қатаңдатуды тапсырамын», — деді Президент.

Ол Ashyq-тың жұмыс істеу аясын кеңейтуді, функционалын жетілдіруді және оның жұмысына күнделікті мониторинг жасауды ұмытпауды тапсырды.

«Кәсіпкерлік нысандарды Ashyq пайдаланатындар тізіміне енгізу өте ұзақ бюрократиялық процесс екені туралы ақпарат бар. Бұл жүйенің операторы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы екеніне қарамастан осылай. Үкіметтен осы мәселені шешуді сұраймын», — деді Тоқаев.

Ол, сондай-ақ, Ashyq-пен жұмыс істейтін бизнесті қолдауды, сондай-ақ осындай мониторинг шараларын елемейтін кәсіпкерлерді қатаң жазалауды тапсырды.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысының қатысуымен еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өтіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.