Карантин бұзғандарға 159 млн теңге айыппұл салынды

0

Елордада карантин талаптарын бұзғандарға жыл басынан бері 159 миллион теңге айыппұл салынды.

 800-ден астам азамат пен бизнес нысан әкімшілік жауапқа тартылған. Мамандардың айтуынша, кәсіпкерлер көбіне бекітілген жұмыс тәртібін бұзады. Яғни, нысанға рұқсат етілген нормадан көп адамды кіргізеді немесе қызметкерлері карантин талаптарын сақтамайды. Осындай салғырттық кесірінен елордада эпидемиологиялық ахуал ушығып тұр. Мониторинг тобы күндіз-түні тексеру жүргізгенімен, ереже бұзғандар саны азаяр емес.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.