Алты айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

0

Бүгін «Nur Otan» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы  депутаттық фракциясының отырысы өтті. Онда депутаттық фракция жетекшісінің орынбасары Фарида Жүнісова фракцияның 2021 жылдың 6 айында атқарған жұмыстарын қорытындылады.

Жалпы биылғы жылыпартияның облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 30 мүшесімен3 отырыс өтті. Онда партияның Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы қаралды.Жыл басынан фракцияның 9 депутатының Жол картасындағы өздеріне тиесілі көрсеткіштері бойынша атқарған жұмыстарыжайлы есебі тыңдалды.

Сондай-ақ, Жол картасындағы көрсеткіштерді саралау, талдау және туындағанмәселелерді дер кезінде талқылай отырып, шешімін табуға бағытталған жаңа 10 қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес құрамына фракция мүшелерінің барлығы енген. Жыл басынан 12 кеңес өткізіліп, онда барлығы26 мәселе қаралды. Бұл бойынша салалық мекемелерге 136 хаттамалық тапсырма мен ұсынымдар енгізілді.

Бұдан бөлек, биылғы жылдың 6 айында фракция мүшелері тарапынан түрлі мекемелерге 80 депутаттық сауал жолданған.

Қоғаммен кері байланыс орнату мақсатында фракция мүшелері алты айда 148 түрлі шараға қатысқан. Қоғамдық қабылдау бөлмелері мен елді мекендерде93 қабылдау өткізген. Онда 279 азаматтың өтінішіқаралып, 109-ның оң шешім табуына ықпал еткен. Қалған 170-не заң аясында түсініктемелер берілді.

Жыл басынан депутаттық фракцияның барлық өкілдері партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында аймақтың беделдітұлғаларымен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен канвассинг кездесулер өткізді. Халық қалаулылары #Депутатқасауалқой хэштегімен әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізіп, халықты Жол картасының іске асырылу барысымен таныстырды.

Жиында партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бейсенқұлов биылғы жылдан фракция мүшелерінің  қызметін бағалаурейтингісі бекітілгендігін атап өтіп, халық қалаулыларына қоғамдағы мәселелерді шешуде белсенді болу керектігін жетікізді.

Фракция отырысы соңында қаулы қабылданып, бірқатар мәселелер бақылауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.