Мәдениет саласының жай-күйі «Nur Otan» назарында

0

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалында «Мирас» аймақтық кеңесінің отырысы өтті.

Онда облыстағы мәдениет саласында атқарылған жұмыстар, партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыру Жол картасының орындалуы және Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында аймақта атқарылып жатқан жұмыстардың жай-жапсары талқыланды.
Жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты М.Төлепберген, партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Бейсенқұлов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жамангөзов, мәдениет басқармасының басшысы Е.Жүнісбай және кеңес мүшелері қатысты.

Кеңесте алғашқы болып облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Жүнісбайдың баяндамасы тыңдалды.
Жалпы өңірлік Жол картасына мәдениет саласы бойынша 4 тармақ енгізілген. Бұған сәйкес, тарихи-мәдени мұраны сақтау және мәдениет, өнер салаларын дамыту бағытында биылғы жылға жоспарланған 20 іс-шараның 8-і өткізілді. Сондай-ақ, Жол картасы аясында облыста бір мәдени нысан салынуда. Құрылыс жұмыстары жыл соңында аяқталып, ел игілігіне берілмек.
Бұдан бөлек, басқармаға қарасты кітапханалардың, театрдың, филармонияның, руханият және тарихтану, кино орталықтарының атқарған жұмыстарына тоқталды.

Кеңесте ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Жамангөзовтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстары туралы баяндамасы тыңдалды.

Мәжіліс депутаты М.Төлепберген Тараздың мәдени тұғырында тұрған тұлғаларды құрметтеу күн тәртібінен түспеу керектігін айтып, мәдениет саласында ақпараттық жұмыстарды күшейту және тарихы терең Жамбыл жері туралы өңір жазушыларының кітаптарын насихаттау қажеттігін жеткізді.

Жиын соңында бірқатар ұсынымдар қабылданып, көтерілген мәселелер бақылауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.