Ақсулық әйел мен оның екі баласын пышақтап өлтірген күдікті тұтқындалды

0

Павлодар облысы Ақсу қаласында әйел мен оның екі баласын өлтірген күдікті қолға түсті

Полиция мәліметінше, күдіктінің кіәнсін дәлелдейтін айғақтар табылған.

«Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, әйелді және оның кәмелетке толмаған балаларын өлтірді деген күдікпен ер азаматты ұстады. Заттай айғақтар тәркіленді», — делінген ПД хабарламасында.

Күдікті әйелдің танысы екені анықталған.

«11 шілдеде, түнгі сағат 3-тер шамасында, олардың арасында жанжал туып, 36 жастағы азамат 35 жастағы әйелді бірнеше рет пышақтаған. Артынша ол шуды естіп, оянып кеткен балаларды да пышақтап өлтірген», — деп қосты ПД өкілдері.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалған.

Еске салсақ, бұған дейін Ақсуда әйел мен оның 7 және 5 жастағы балаларының мәйіті табылғаны айтылған еді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.