Мыңдаған адам үкіметтің отставкаға кетуін талап етті

0

Тбилисидің орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті, – деп хабарлайды Deutsche Welle.

Жергілікті тұрғындар оператор Лексо Лашкараваның өліміне байланысты орталыққа шықты. Оператор 5 шілдеде ЛГБТ өкілдеріне қарсы акция кезінде соққыға жығылған болатын.

«Жүйе өлтіреді! Өмір үшін шық» атты ұранмен өткен акцияны белсенділер мен журналистер ұйымдастырған. Акция қатысушылары Гарибашвилидің үкіметі журналистерге қатысты зорлық-зомбылықты кешіргені үшін кінәлі деп отыр. Олар ел үкіметі 12 шілдеге дейін отставкаға кетуін талап етті.

«Гарибашвили отставкаға кетуі керек және біз, БАҚ өкілдері таңертеңге дейін уақыт береміз», – деді «Хроника+» газетінің редакторы Элисо Киладзе.

Митингіге саясаткерлер, азаматтық белсенділер мен қарапайым азаматтар да қосылды.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.