Павлодарда пәтерден әйел мен екі баласы өлі табылды

0

Ақсудағы үйлердің бірінен әйел мен оның 5 және 7 жастағы екі баласының пышақталған мәйіті табылды. Оқиға орнына Павлодар облысының полиция департаменті мен прокуратура басшылығы шықты.

Аймақ департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 шілдеде сағат 11.40-та қаланың кезекші бөліміне пышақ жарақаттары түріндегі зорлық-зомбылық белгілері бар адамдардың мәйіті анықталғаны туралы хабарлама түскен. Қазір криминалистер оқиға орнын тексеріп жатыр.

«Тәжірибелі жедел қызметкерлер, тергеушілер қатарынан ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары аулаларды аралап, куәгерлерді анықтау үшін тұрғындардан көргенін сұрастырып жатыр», — деді аймақ департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.