Жүйе жұмысына кедергі келтіретін нысандар бұзылады

0
Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен қала аумағындағы өзендер мен каналдар бойындағы заңсыз құрылыстар мен жер иелену фактілері және каналдардағы судың ағысына кедергі келтірмеу жағдайы бойынша «Сеңкібай», «Түйте», «Қапал», «Қарасу» каналдарының арналарына зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Жалпы қала аумағында 8 канал бар, жалпы ұзындығы 82,55 шақырымды құрайды («Сеңкібай» — 10 шқ, «Қапал» — 10 шқ, «Үшбұлақ» — 13,9 шқ, «Қарасу-1» — 3,35 шқ, «Қарасу-2» — 12,4 шқ, «Төрегелді» — 5,7 шқ, «Базарбай» — 3,2 шқ, «Түйте» — 24 шқ).
Ал, дренаж каналдарының саны — 2 (ұзындығы — 12,7 шақырым, олар: «Оңтүстік құрғату» — 10 шқ, «Тайвань алқабын құрғату» — 2,7 шқ).
Зерделеу жұмыстарының барысында тиісті мекемелерге су тасу оқиғаларының алдын алу және алдағы уақытта да ирригация жүйелерін дамыту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Рұқсатсыз салынған және каналды тазалау жұмыстарына кедергі келтіретін барлық нысандар бұзылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.