13 жастағы жеткіншек туған қарындасын жоғарғы қабаттан лақтырып жіберген

0

Мәскеуде 13 жастағы жеткіншек нәресте қарындасын терезеден лақтырып жіберген

Мәскеудің тергеу комитетінің мәліметінше, тұрғын үй терзесінің алдынан сәбидің денесі табылғаннан кейін аталған оқиғаға қатысты «абайсызда болған кісі өлімі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу мәліметтері бойынша, 11 шілдеде таңертең Мәскеудің Левобережная көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жанында жаңа туған қыздың денесі табылды. Ол жоғарғы қабаттан құлағандықтан көз жұмған», – делінген полиция хабарламасында.

Белгілі болғандай, баланың анасы оның 13 жастағы психологиялық ауруға шалдыққан ағасымен бірге қалдырып, басқа шаруаларымен айналысып кеткен.

Қазіргі таңда тергеушілер оқиға орнында жұмыс істеуде. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталып, балалардың ата-анасы мен куәгерлерден жауап алынуда.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.