Миллиардер Ричард Брэнсон өзінің зымыранымен ғарышқа барып келді

0

Британдық кәсіпкер Ричард Брэнсон ғарыш шекарасына жасаған сапарынан қайтып келді

Бұл Ричардтың өміріндегі басты армандарының бірі болатын.

Ричард Брэнсонның Virgin Galactic компаниясына тиесілі Unity зымыраны жексенбі күні ғарыштың 90 шақырымға дейін жетті. Экипаж жердің көрінісін тамашалау үшін осы биіктікте бірнеше минутқа кідірген. Артынша құрылғы төменге түсті.

Ұшу АҚШ-тағы Нью-Мексико шөлінің үстінен шамамен жергілікті уақыт бойынша 08:30-да басталды. Бұл шамамен бір сағатқа созылаған.

Бренсонмен бірге ғарышқа тағы бес адамнан тұратын команда ұшқан. Ол ғарышқа туристерді жібермес бұрын өзі барып көрмек болғанын айтты. Unity-дің коммерциялық ұшуы келесі жылға жоспарланған.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.