Сиыр сауған Төреғали Төреәлі желіде қызу талқыға түсті (видео)

0

Әріптестері Дубай аралап жүргенде, Төреғали Төреәлі жазғы демалысын ауылда өткізуді жөн көрген. Әнші уақытты бос өткізбей, ауылдың тұрмыс-тіршілігіне етене араласуда. Күні кеше Stories-те ТТТ малға жем беріп, сиыр сауғанын көрсетті

Төреғалидің бұл бейнесін көрген жұрт оны жаппай пабликтерде бөлісіп, қызу талқыға салуда.

«Сиырды саумас бұрын алдымен кішкене шөп беріп қоямыз. Қазір бұзау өзінің анасын еміп жатыр, алдымен кішкене идіріп аламыз. Бұрын жеңгелерім, ағаларым да сауатын.

Әкем де бала күнінде сиыр сауғанын айтады. Онда тұрған ештеңе жоқ», – деп бөлісті әнші.

Желі қолданушылардың бір тобы Төреғалидің қарапайымдылығына тәнті болып жатса, ендігілері ауылда өскен кез келген азаматтың сиыр сауатынын айтуда.

«Жарайсың, қарапайым, кісілігі жоқ», «Сол да сөз болып па?», «Менің де ағаларым сауатын», «Сиыр сауу ер адамға керек емес деп ойлаймын», – деп жазды олар.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.