Семейде Ертіс бойында сегіз жасар қыз жоғалып кеткен

0

Семейде Ертіс өзенінің жағалауында сегіз жасар қыз жоғалып кетті

Полиция мәліметінше, 36 жастағы Семей тұрғыны тәртіп сақшыларынан әкесімен бірге таңертең өзенге кетіп, сол күйі табылмаған 8 жасар қызды табуға көмектесуін сұраған. Кейіннен анықталғандай, баланың әкесі таныстарымен бірге ішімдік ішіп отырып, қызын көзден таса қылған.

«Әйелдің өтінішінен кейін қалалық полиция бөлімінің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан сарбаздары «дабыл» белгісі бойынша кәмелетке толмаған баланы іздеуге жұмылдырылды. Іздеу шаралары түні бойы жүргізілді», – деді ПД өкілдері.

Қуанышқа орай, бала аман-есен сол күні өзен жағасында болған әйелдің үйінен табылды. Қыз бала анасымен қауышып, үйіне қайтарылды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.