ВИРУСПЕН КҮРЕСУДІҢ ЖАЛҒЫЗ ЖОЛЫ – ЕКПЕ САЛДЫРУ

0

Әлемді жайлаған қауіпті кеселден құтылудың бірден- бір жолы вакцина алу деп жар салуда Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымы. Соған орай күнделікті деректер келтіріліп, пікірлер жазылуда. Кереғар көзқарастарда жоқ емес. Дегенмен тиісті мамандар вакцинаның пайдасы туралы дәйекті дәлелдер келтіргеннен кейін әлем елдері қажетті шараларды қолға алып, өз халқынының денсаулығын сақтау мақсатында жан-жақты жұмыстар жүргізуде. Ондай шаралардан біздің елде сырт қалмай, талапқа сай іс жасалуда. Бірінші кезекте халықпен тығыз жұмыс жүргізетін дәрігерлер, мұғалімдер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері екпе алды. Қазірде басқа кәсіптің иелеріне екпе егу жұмыстары жүргізілуде, олардың арасында өзінің және айналасындағылардың денсаулығын ойлаған, өз ынтасымен келіп жатқандары да аз емес.

2021 жылдың ақпан айынан бастап,  9  шілде  арасында Т.Рысқұлов  ауданына барлығы 15050 доза вакцина алынған. Оның 9 шілдеге  14075 дозасы салынды.

     Елдің амандығы үшін жасалып жатқан шаралардың дұрыстығына көз жеткізіп, оң пікір қалыптастыру бүгінгі күннің басты талабы болып қалмақ. Қалған 975 Спутник-V вакцинасы арнайы тоңазытқыштарда сақталуда. Мамандар өз кезектерінде екпе егу жұмыстарымен толықтай айналысуда. Ендігі мәселе елдің өз қолында.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.