САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАРДЫ САҚТАУ- БАСТЫ НАЗАРДА

0

Т.Рысқұлов аудан әкімінің орынбасары Ә.Терлікбаевтың жетекшілігімен мониторингтік топ аудан аумағында орналасқан кәсіпкерлік нысандарды аралады. Жұмыс барысында 7 шілде күні күшіне енген Жамбыл облысының Бас санитар дәрігері Б. Шиналиевтың облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.


Мобильді топ тарапынан аудан
дағы барлық тамақтану, сауда және қызмет көрсету орындарына барып, аталмыш құжатқа сәйкес тойлар, мерекелік іс-шаралар өткізуге тыйым салынғанын, себебі бұл қаулы Жамбыл облысы тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатындажасалынып отырғанын түсіндірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.