АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУЫ ӨТТІ

0
  • Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұловқоғамдық қабылдау бөлмесінің кестесіне сәйкес аудан тұрғындарының жеке өтініш-тілектері бойынша қабылдау жүргізді.

Көгершін ауылында өткен қабылдауға ауыл тұрғындары белсене қатысып, өзекті сауалдарын жолдап, орамды ой-пікірлерін ортаға салды. Айталық, ауыл тұрғыны Қ.Биғазиев ауыз су мәселесін көтерсе, Г. Байшемирова мен Ж.Диханбаев ауылда мәдениет үйін соғу жәнежастар айналысатын спорттық нысандар соғып беруін сұрап, осы мәселеге жіті көңіл бөлінсе екен деген тілегін білдіріп, мәселесінің де қиындық туғызып отырғандығын айтты.


Сонымен қатар, қабылдауға жазылған болған ауыл тұрғындары
өзге де тұлғалар түрлі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Дәлірек айтқанда, көше жарығы, Көгершін ауылдық амбулаториялық ғимараты ауылымызға тар және ішінде толыққанды жағдай жасалынбағаны туралы, көше жолдарын жөндеу және «Жамбыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту жобасы» бойынша 2,5 % несие мәселелері бойынша қайырылып, тиісінше аудан әкімі тарапынан тұшымды жауаптар берілді, және заңдылықтары түсіндіріліп аталған мәселелер бойынша тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілді. Қабылдауға келген ауыл тұрғындары өз ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Айта кетейік, аудан әкімінің қоғамдық қабылдауы алдағы уақытта басқа да ауылдық округтерде дежалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.