17 жыл: Мейрамбек Бесбаев жұбайымен отасқан күнін тойлады (видео)

0

Мейрамбек Бесбаев жары Мархаббатпен отасқан күнін тойлады. Олардың некелескеніне 17 жыл толған.

Қос ғашық некелескен күндеріне орай жақын достарының басын қосып, мейрамханада атап өтті. Той «дәстүріне» айналған тәтті тортты ортаға алдырып, үйленген күндерін еске алды.

«Тортты бірге кесіп, үйленген күнді еске алайық», – деп күлді Мейрамбек.
Желі оқырмандары Бесбаевтар жанұясын жарыса құттықтауда.

Айта кетейік, Мейрамбек Бесбаев 2004 жылы үйленген. Жары Мархаббат әншіден он жасқа кіші. Екеуінің Кәусар атты қызы мен Әбухайыр есімді ұлы өсіп келеді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.