Ауғанстандағы қарулы қақтығыстар: Қазақстан Тәжікстанға әскер жібере ме

0

Қорғаныс вице-министрі Тимур Дәндібаев Қазақстан Тәжікстанға көмекке әскер жібереді ме деген сұраққа жауап берді.

Министр орынбасары бұл тұрғыда шешімді Қазақстан Парламенті мен халықаралық ұйымдар қабылдайтынын алға тартты.

«Халықаралық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, қолдау үшін қандай да бір контингентті жіберу үшін бізге бірнеше шарт керек. Ол шарттың бірі – екі тараптың бірі Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарты ұйымына көмек сұрап жүгінуі тиіс. Екіншіден, Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі деңгейінде шешім шығуы қажет. Әрине, ол шешімді біздің елдің Парламенті ратификациялап, халықаралық миссия атқаратын контингенттің жіберілуіне рұқсат беру керек. Осы шарттардың бәрі орындалған жағдайда біз сәйкесінше өзіміздің халықаралық міндеттерімізді орындауға дайынбыз», — деді вице-министр.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.