Шашынан сүйреген: Алматыда ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал төбелеске ұласты

0

Алматыда ерлі-зайыптылар арасындағы төбелес видеоға түсіп қалған.

Белгілі болғандай, оқиға 8 шілде Думан ықшамауданында болған.

“Әйелге сот-медициналық сараптама өтуге бағыттама алды. Ер адамды жауапқа тарту нәтижелер алынғаннан кейін қарастырылатын болады, – дейді баспасөз қызметінде.

Қалалық полиция департаментінде әйел күйеуіне қатысты арыз жазғанын хабарлады.

Сонымен қатар, ер адам апта сайын әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторға профилактикалық әңгіме жүргізу үшін келуге міндеттелді.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.