Қарағандыда банк алдында тұрғынды тонамақ болғандар видеоға түсіп қалды

0

Қарағандыда қарақшылар 59 жастағы тұрғынды банк ғимараты алдында тонамақ болды. Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің мәліметі бойынша, тонау әрекеті 30 маусымда кешке болған. Жәбірленуші 59 жастағы ер адам компания менеджері болып жұмыс істейді. Ол көтерме сауда ұйымына жеткізілген өнім үшін 20 миллион теңгені алып, бірден банкке келген.

Кешкі сағат 16.30-да екі адам банк тұрағындағы көліктен түскен ер адамға шабуыл жасаған. Олар оның қолындағы ақша салынған қапшықты тартып алуға тысқан. Бірақ ер адам қарсылық танытады. Олар қапшықты жыртып ішнен түскен 500 мың теңге ақша бумасын алып, қашып кеткен.

«Ер адам полицияға оқиғадан үш сағат өткен соң ғана жүгінді. Оның айтуынша, ол алдымен қалған ақшаны бас кеңсеге жеткізуді көздеген. Бұл уақыт ішінде күдіктілер қаладан кетіп үлгерді. Біз оларды Шығыс Қазақстан облысының аумағында анықтадық. Екі облыстың полицейлері бірлесіп жұмыс істеп, үш күдіктіні ұстадық», — деді Қарағанды қаласы ПБ бастығының орынбасары Шахназар Салин.

Күдіктілер Қарағанды қаласының 22-28 жас аралығындағы тұрғындары екені анықталды. Оқиға ҚР ҚК-нің 192-бабы «Қарақшылық» бойынша тергеліп жатыр.

kaz.tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.