Жас кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсетіледі

0

Аудан әкімі жас кәсіпкерге қолдау көрсетілетіні айтты

Бүгін «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сәкен Арубаев тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдады.

Қабылдауға келген Аса ауылының тұрғыны Жарқынай Баймеренова келіні жеті баласымен ұзақ уақыт пәтер жалдап келетінін айтып, пәтер кезегі келгенше тұрғын үй қарастыруға ықпал етуін сұрады. Аудан әкімі өтініш иесінің сауалын назарға алатынын жеткізді. Ал Айшабибі ауылынан келген Гүлбаршын Юсупова Майский саяжайындағы тұрғын үйлерге ауызсу кіргізу үшін үй құжаттарын заңдастыруға ықпал етуін өтінді. Сонымен қатар шаштаразшы Жандос Жақсылықов кәсібін өрлету үшін Аса ауылынан жер телімін сұрады.
Азаматтардың өтініштерін байыппен тыңдаған Сәкен Қаланұлы заң тұрғысында нақты жауаптар беріп, көтерілген мәселелер бойынша қолдан келгенше көмектесетінін айтты.

Жас кәсіпкердің өтініші бойынша сөз алған Сәкен Қаланұлы ауыл әкімі Бауыржан Қалшынбетовке Аса ауылынан қолайлы жер іздестіріп, оның кәсіп бастауына жағдай жасауды жүктеді.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.