Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді.

«10 шілде күні сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді», — деді Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында.

Оның айтуынша, жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.