Алматы тауларында жоғалған әйел табылды

0

Алматы тауларында жоғалып кеткен Әлия Камиева Үлкен Алматы көлінің маңынан аман-есен табылды

Айта кетсек, 1980 жылы туған Әлия Камиева 5 шілде күні өзімен бірге телефонын алмай тауға шығып кеткен. 7 шілде күні әйелдің анасы құтқарушылардан көмек сұрады.

«Сағат 10.56-да Үлкен Алматы көлі маңында жоғалған Әлия Камиева табылды. Оның жағдайы ауыр деп бағалануда. Зардап шегушіні ауруханаға жатқызу қажет. Төтенше жағдайлар департаменті «Қазавиақұтқару» тікұшағының көмегімен ауруханаға жеткізу ұйымдастырылды», – деп хабарлады ТЖД.

Естеріңізге сала кетейік, іздестіру-құтқару жұмыстарына құтқарушылардың ең көп саны жұмылдырылды. Әйелді Республикалық жедел-құтқару жасағының, «109» құтқару қызметінің қызметкерлері және 75 волонтер іздеді. Сондай-ақ іздеу жұмыстарына дрон қолданылды.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.