Павлодарда ер адамды жұмыс орнында тоқ соғып, көз жұмды

0

Павлодарда желіні жөндеп жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің жұмысшысын тоқ соқты. Ол оқиға орнында көз жұмды

7 шілде күні сағат 13:54-те Павлодар қаласындағы ЖШС-нің бірінің аумағында трансформатордағы жұмыстарды орындау кезінде 38 жастағы жұмысшыны тоқ соқты. Оқиға салдарынан ол сол жерде қайтыс болды. Сараптама тағайындалды.

Экструзиялық желі — трансформаторды қамтитын пластмассадан бөлшектерді (құбырлар, пластикалық пленкалар және басқа да бұйымдар) жасауға арналған жабдықтар жиынтығы.

stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.