Баян Алагөзова Назарбаевты сынайтындарды түсінбейтінін айтты

0

Баян Алагөзова Елбасын кешегі туған күнімен құттықтап, оны құрметтейтінін айтты.

Алматы, NEGE. «Елбасын ешқашан туған күнімен құттықтаған емеспін. Бүгін, жасы 81-ге келгенде және президент емес кезінде оған денсаулық тілегім келеді! Отыз жылға жуық ел басқарды, қателіктер болды. Қазір оны біреулер жек көрушілікпен, біреулер нақты санмен айтады. Алайда ол еліміздің тарихында болған, бар және бола береді де.

Біреулер үшін озбыр диктатор болса, екіншілер үшін ұлы басшы мен реформатор. Оның барлығын тарих және тек қана уақыт орнына қояды.

Мен үшін ол бірінші кезекте адам, ол кісімен екі рет кездестім. Ер адамға тән тартымдылығынан бөлек, түрлі ой қалдырды.

Әрбір басшы қала соғып, оған өз атын берген жоқ. Біз оны қабылдасақ та, теріске шығарсақ та болады. Бірақ ол – шындық. Бізде Нұрсұлтан бар, ұлы және құдіретті.

Адамға тән барлық қасиеттердің көрінісі ол кісінің бойында бар.
Біз, оның замандастары, мұны көріп отырмыз. Ол кісіні жақсы көруге немесе жек көруге, қадір тұтуға немесе тыныш қана асүйде талқылауға құқығымыз бар.

Заманауи тарихтағы ең көп талқыланатын адам және ол бекер емес шығар?!» – дейді Баян Мақсатқызы.

Танымал продюсер тұрмыстық және әлеуметтік жағдайының төмендігіне Елбасыны кінәлайтындарды түсінбейді. Айтуынша, оның өсіп-дамуына ешкім кедергі келтірмеген. Ондай мүмкіндік әрбір қазақстандықтың алдында болғанын айтады.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, саналы өмірімде сіз менің президентім болдыңыз. Сіздің кезіңізде қалыптастым, өсуге, тек алға жылжуға ешкім кедергі келтірген жоқ. Адамдар сізді кінәлап, ұрысқан кезде ойымда «ал сізге білім алуға, дамуға, тәуекелге баруға кім кедергі келтіреді?» деген сауал пайда болады.

Мен сізге сыйынбаймын, бірақ сізге деген негатив те жоқ, болуы мүмкін де емес.

Сізді құрметтеймін, кейде тамсанамын, кейде түсінбеймін, ақтамаймын.
Сіз адамсыз, ұлы іс жасауға қандай құқығыңыз болса, қателесуге де құқығыңыз болды. Туған күніңізбен, Елбасы!»  деп түйіндеді сөзін Баян Алагөзова.

nege.kz

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.