Ақсуда полицей өлі табылды

0

Павлодар облысының полиция департаменті полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын мәлімдеді.

«5 шілдеде сағат 23.40-та Ақсу қаласында полиция майорының мәйіті табылды. Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу басталды», — деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Жандос Орымбаев.

Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр.

«Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері соталды тергеу барысында анықталады», — деді Орымбаев.

Басқа мәліметтер әлі хабарланбады.

nege.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.