Президенттікке экс-кандидат 14 жылға сотталды

0

«Белгазпромбанк» басқармасының бұрынғы төрағасы Виктор Бабарико 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Алматы, NEGE. Жоғарғы сот үкімді 6 шілдеде жариялады, – деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Бабарикоға аса ірі мөлшерде пара алып, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған қаражатты аса ірі мөлшерде заңдастырды деген айып тағылды.

«Қылмыстар жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу арқылы Бабарикоға 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, күшейтілген режим жағдайында түзеу колониясында 5 мың базалық мөлшерде айыппұл салып, ұйымдастырушылық, әкімшілік және әкімшілік-шаруашылық міндеттерін орындаумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан бес жылға айыру жазасы тағайындалсын», – деді судья Игорь Любовицкий.

Бабарикодан 47 миллион белорус рублінен аса қаржы өндірілген.

«Бабарикодан алынған суреттер де қылмыстық жолмен алынған кірісті төлеуге арналған. «Белгазпромбанктің» меншігі болып табылатын суреттер банкке қайтарылды», – деді бас прокуратураның мемлекеттік айыптау бөлімінің аға прокуроры Сергей Гиргель. Үкім қайта шағымдауға жатпайды және жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді.

Айта кетейік, «Белгазпромбанк» топ-менеджерлерінің соты 17 ақпанда басталды. Істі Жоғарғы сот қарады. Сот ісі ашық қарастырылды.

Бабарико «Белгазпромбанкті» былтыр жаз мезгілінде Беларусь президенттігіне үміткер болуға шешім қабылдағанға дейін 20 жыл басқарды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.