САРЫСУДА БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

0

Бүгін Жаңаарық ауылдық округіндегі Ақтоғай ауылында жаңа балалар ойын алаңы ашылды.

Ауылдағы бұл алаңқай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолданысқа беріліп отыр. Сарысу ауданына қарасты Ақтоғай ауылының халқы асыға күткен жаңа ойын алаңы Астана күнінде ашылды.
Ақсақалдар мен көп балалы аналар да бұл күні ойын алаңын салғызған аудан басшылығына алғыстарын жаудырды.
Алдымен халықты бұл қуанышты сәтпен ауыл әкімі О.Мұқашов құттықтады.
Іс шара барысында балаларға балмұздақ таратылып, бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады.
Сарысу ауданы

Leave A Reply

Your email address will not be published.