5 жылда 107 инвестициялық жоба жүзеге аспақ

0

Жамбыл облысында 2021-2025 жылдары 2,9 триллион теңгеге 107 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев хабарлады.

Ағымдағы жылы 421 миллиард теңге инвестиция тарту жоспарланған. Бес айдың қорытындысы бойынша өңір экономикасына 98,2 миллиард теңге тартылып, негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,1 пайызға өсіп отыр.

А.Сейсебаевтың айтуынша, инвесторларды ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, жаңартылған энергия көздері, туризм, балық шаруашылығы салалары қызықтыруда. Биыл бұл салалар бойынша 40 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Оның ішінде тоғыз жоба 2021-2025 жылдарға арналған индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылмақ.

— Сонымен қатар, картаға жалпы құны 41 миллиард теңгені құрайтын қосымша 10 инвестициялық жобаны енгізу жоспарлануда десек, ол бойынша 1138 жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Темір-бетон бұйымдары зауыты, сүт фермалары, құс фабрикасы, дайын қаптама шығаратын зауыт және басқа да кәсіпорындар өз жұмысын бастамақ, — дейді А.Сейсебаев.

Ол жергілікті тауар өндірушілердің каталогы шығарылғанын хабарлады. Онда инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары жан-жақты сипатталған.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев тиісті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

— Бұл каталогты қоғамдық орындарда тарату қажет, бірінші кезекте әуежай мен теміржол вокзалын қамту маңызды. Мен Қазақстанның басқа елдердегі елшіліктерімен тығыз байланыс орнату керектігі туралы үнемі айтып келемін. Егер олар бізге қолдау көрсетсе, біз өз жобаларымызды ұсынып, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар ете аламыз. Жауапты тұлғалар елшілік өкілдерімен тұрақты  байланыста болуы тиіс, — деп атап өтті аймақ басшысы.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ компаниясының өңірлік директоры Арнольд Геринг қазіргі уақытта Қазақстанның Франция мен Түркиядағы елшіліктерімен бірлескен жұмыстар қолға алынғанын жеткізді. Сонымен қатар, бірнеше елде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның шетелдік өкілдері бар екенін тілге тиек етті.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.