582 мың жамбылдық коронавирусқа қарсы екпе алады

0

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал сараланды. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев 29 маусымдағы мәлімет бойынша Жамбыл облысында барлығы 9783 COVID-19 жағдайы тіркелгенін, олардың 95,2 пайызы емделіп шыққанын айтты. Өткен аптада инфекцияның 214 жағдайы анықталып, аурушаңдықтың 2,2 пайызға өсуі байқалған.

Ауру жағдайларының басым бөлігі Тараз, Жуалы, Мойынқұм, Шу аудандарына тиесілі.

— Жақында Нұр-Сұлтан қаласындағы науқастарда «Дельта» штамына тән мутация ықтималдығы анықталды. Алғаш рет Үндістанда анықталған «Дельта» штамы жоғары контагиозды және басқа белгілі штамдарға қарағанда жұқпалылығы 60 пайызға жоғарылығымен, инкубациялық мерзімінің 7 күнге дейін қысқалығымен ерекшеленеді. Бұл ауру кезінде қосымша буындардың және құрсақ қуысының қатты ауруымен және есту қабілетінің нашарлауымен айқындалады. Сол себепті, науқастар санының өсу ықтималдылығы жоғары болғандықтан медицина мамандарын оқыту, төсек қорларын, дәрі-дәрмектердің 3 айлық қорын дайындау бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады, — деді Әсет Қалиев.

Қазіргі  таңда 1535 төсек-орын дайындалған десек, оның 157-і реанимациялық бөлімде. Қосымша резерв ретінде 3225 инфекциялық, оның ішінде 344 реанимациялық төсек қоры ашылып, жұмылдырылатын болады.

Әсет Қалиев вакцинация барысы туралы да мәлімет берді. Барлығы 582 000 жамбылдықты вакцинациялаумен қамту жоспарланып отыр. Бүгінгі күні жоспар 30,3 пайызға орындалған.

Содан кейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мониторингтік топтардың жүргізген рейдтерінің қорытындылары туралы айтып берді.

Бұдан кейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділдә Шыналиев мониторингтік топтармен жасалған рейдтік жұмыстардың нәтижелері туралы айтып өтті.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.