Көрсеткіштерге көңіл толады

0

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кезекті кеңесте биылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы қаралды. Жалпы соңғы бес айдың көрсеткіштері былтырғымен салыстырғанда жоғары деңгейде қалыптасып отыр. Аймақ басшысы жартыжылдық нәтижесі де республикалық көрсеткіштерден төмен болмауы үшін күш салып, қалған аз уақытты барынша тиімді пайдалану керектігін міндеттеді.

Жиында 2021 жылғы 5 айдың қорытындысы мен қаңтар-маусымдағы күтілу мәні туралы баяндаған экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова жыл басынан облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика  сақталғанын, қысқа мерзімді экономикалық индикатор 100,6 пайызды құрағанын айтты. Яғни өнеркәсіп саласындағы өсім 6,7, ауыл шаруашылығы –2,9, құрылыс – 6,5, пайдалануға берілген тұрғын үй – 6,8, сауда – 5,9, инвестиция көлемі — 21,1 пайызға артқан. Ал өңірлер бөлінісінде 5 айда инвестиция көлемі – Жамбыл, құрылыс – Меркі, тұрғын үй – Т.Рысқұлов, Сарысу, бөлшек сауда — Мойынқұм аудандарында төмен деңгейде қалыптасыпты.

Басқарма басшысы жыл басынан негізгі экономикалық көрсеткіштер динамикасының төмен қарқыны Т.Рысқұлов, Жамбыл, Меркі, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Шу аудандарында байқалғанын және олар жартыжылдық қортындысымен де  көрсеткіштердің күтілу мәнін төмен деңгейде болжамдап отырғанын атап айтты. Мәселен, Сарысу ауданы тұрғын үй көлемін 67,2 пайыз деңгейінде ғана болжамдап отырған көрінеді.

Өнеркәсіп саласында 6 пайыз өсімді қамтамасыз ету үшін 276,9 миллиард теңгеге, ал ауыл шаруашылығында – 4,6 пайыз болу үшін 80,9 миллиард теңгеге өнім өндірілуі керек, инвестиция көлемін 6,4 пайызға  арттыру үшін 155 миллиард теңгеге инвестиция тарту қажет екен. Құрылыс жұмыстарын 22 пайызға, тұрғын үй көлемін 12 пайызға арттыру болжамдалуда.

Жиында сондай-ақ, сақалды құрылыстарды ретке келтіру, өрт қауіпсіздігін қадағалау, ағын су, «Таразға тарту» жобасы, облыс бойынша ашық тұрған 144 трансформаторлар мәселесі сөз болды.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.