Аймақты дамытуға қаржы тарту жұмыстары қарқынды жүруде

0

Пандемиялық және карантиндік шаралардың кері әсеріне қарамастан, мемлекет басшылығының қолдауының арқасында есепті кезеңде Жамбыл облысының экономикалық өсімі 101,6 пайызды құрап, оң динамика сақталып отыр.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,7 пайызға өсіп, 230,3 млрд. теңгені құрады, ауыл шаруашылығы – 2,9 пайыз (55,1 млрд. теңге), құрылыс – 6,5 пайыз (31,4 млрд. теңге), пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі – 204,3 мың шаршы метрді құраса, ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға артқан.

Негізгі капиталға салынған нвестицияда айтарлықтай өсім байқалады десек, ол бойынша көрсеткіш — 21,1 пайызға өскен. Осылайша, аймақ экономикасына 98,2 миллиард теңге тартылған.

Жыл басынан 436 млрд теңгеге 11 жоба іске асырылуда, бүгінге оның 74,1 млрд теңгені құрайтын 5 жобасы орындалған.

Бұдан бөлек, аймақта кәсіпкерлер мен меценаттардың атсалысуымен түрлі әлеуметтік жобалар қызу жүзеге асуда.

Игі қазақы дәстүрді жаңғыртқан «Асарлатып үй салуы» жобасы жамбылдықтардың айрықша қолдауына ие болды. Аталған жоба аясында өткен жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға арналған 99 тұрғын үй салынған болатын. Биыл тағы 134 үйдің құрылысы басталған, бүгінге дейін 14 отбасы басыналы болып үлгерді. Осылайша, жоба асясында облыста жалпы сомасы 2,3 млрд теңгеге 233 үй бой көтеретін болады.

Сондай-ақ, биыл өңірде бастау алған «Таразға тарту» жобасы аясында облыс орталығында 42 нысанда абаттандыру және жөндеу жұмыстары жүруде десек, олардың қатарында тұрғын үйлер мен балаларға арналған ойын және спорт алаңшалары, 21 саябақ пен сквер бар.

Бұдан бөлек, қолға алынған «Жомарт түлек» жобасы бойынша табысты түлектердің демеушілігімен 3 STEAM зертханасы ашылып, 3 спорт кешені салынған. Тағы осындай 4 кешен мен 6 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарлануда. Түлектермен жалпы сомасы 2,8 млрд. теңгеге 73 елді мекенде жобалар жүзеге асуда.

Сонымен қатар, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында 19 млрд. теңге сомасына 71 жоба іске асырылмақ. Жалпы, биылғы жылы өңірді дамытуға бюджеттен тыс 26 млрд.теңге қаражат бағытталады деп көзделуде.

slider

slider

slider

slider

Leave A Reply

Your email address will not be published.